Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Меркі ауданының әкімі болып тағайындалды

0 77

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Меркі ауданының әкімі болып Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы тағайындалды.
📍Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
🔹 Жорабек Нұрмергенұлы 1971 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған.
🔹1989 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын «мемлекеттік бюджет», Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.
🔹 Еңбек жолын 1989 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып бастаған.
🔹 2020 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.