500-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

0 21

Ертіс өңірінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстарына 542 сайлау учаскесі жұмылдырыған, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, сайлау учаскелерінің 138-і Павлодар қаласында, 65-і Екібастұз қаласында, 40-ы – Ақсу қаласында және 285-і аудандарда орналасқан.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес мерзімді баспасөз құралдары мен ресми интернет басылымдарында аумақтық және учаскелік сайлау учаскелерінің құрамы және шекаралары туралы хабарламалар жарияланды. Сайлау басталғанға дейін 20 күн қалғанда жергілікті әкімдіктер дауыс берушілердің тізімдерін береді. Сол сәттен соң учаскелік сайлау комиссиялары жұмыстарына кірісті. 542 учаскеде 3500-ден астам адам жұмыс істейді, — дейді Гүлнар Аманжолова.

Қазіргі уақытта облыс аумағында дауыс берушілердің тізімдерін тексеру бойынша онлайн сервистер жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар өңірдегі 109 бірыңғай байланыс орталығының базасында тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталық іске қосылды. Ал телеграмм-бот арқылы әр сайлаушы тіркелген учаскесі туралы ақпарат ала алады.

Сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге кедергі келтірмейтін болады. Әр нысанда тактильді жолақтар, пандустар және өзге де құралдар қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.