Ағымдағы жылы облыстың су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелді

0 34

Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаменті жазғы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өңірдегі су айдындарында 693 рейд және патрульдеу іс-шараларын жүргізген. Оған 1744 қызметкер, Полиция департаментінен 306 қызметкер және 381 волонтер тартылды.
Облыс аумағында барлығы 16 шомылуға рұқсат етілген орындар бар. Шомылуға тиым салынған орындар саны-86.
ТЖД облыс әкімдігінің білім басқармасымен, бассейн иелерімен 22 келісімшарт жасап, 12 мың-нан астам баланы шомылуға үйрету жоспарланған. Қазіргі таңда келісімшарт шеңберінде 1622 оқушы шомылуға үйретілді.
2022 жылғы 31 мамырда 1 бала жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен судан құтқарылды. Су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.