Әлихан Смайылов Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

0 8

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 25-26 тамызда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

«Сондай-ақ жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен екіжақты келіссөздері жоспарланған», — делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Қырғыз тарапының төрағалығымен өтетін іс-шараға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары, бақылаушы мәртебесі бар мемлекеттер, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы, сондай-ақ шақырылған мемлекеттердің үкімет басшылары қатысады.

Кездесуде интеграциялық бірлестіктің ортақ газ нарығын қалыптастыру, өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру, алкоголь нарығын реттеу, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты және көпжақты кездесулер күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.