Әлихан Смайылов сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевты қызметінен босатуды тапсырды

0 19

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев осы жылдың 10 айында азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жеткенін хабарлады.

Өткен айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,8%-ды құрады. Атап айтқанда, жұмыртқа 7,6%-ға, ұн 3,9%-ға, күріш 3%-ға, сүт 2,2%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар бір апта ішінде сәбіз (0,8%), картоп (0,6%), қант және қырыққабат (0,1%) құны төмендеген.

Азық-түлік өнімдерінің көлеміне бағаны тұрақтандыру үшін астықты, жемшөп базасын және күнбағыс майын арзандату мәселесі жоспарланған.

Оның айтуынша, бұл ретте жұмыртқа, өсімдік майы, күріш сияқты жекелеген тауар позициялары бойынша нарық субъектілерінің жосықсыз әрекеттері байқалады.

«Абай облысына барған кезде Семейден 200 шақырым жерде орналасқан құс фабрикалары жұмыртқаны ондығына 360-380 теңгеден сатқан, ал соңғы сатып алушыға ол 600 теңгеден өткізілгені анықталды. Осыған байланысты монополияға қарсы әрекет етудің шұғыл шараларын қабылдау қажет. Сонымен қатар соңғы кездері баспасөзде жекелеген тауар өндірушілердің алдағы уақытта бағаның көтерілетіні туралы мәлімдемелері жариялануда. Бұл ретте тиісті түрде әрекет ету қажет», — деді Арман Шаққалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.