Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаңтарда зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне төлем төлеу жұмыстары аяқталды. Жалпы 14,5 млрд теңгеге 1594 өтінім мақұлданды. Барлығы 1 600-ден астам бизнес нысаны зардап шеккен еді.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді