Алматыдағы құрылыс алаңында жас жұмысшы мерт болды

0

Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жігіт қаза тапты. Полиция тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Құрылыс алаңындағы өлім туралы Нұрмақов-Қабанбай батырдағы құрылысқа шағымданып жүргендер жазды.

Алматы Қалалық Полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», — деп атап өтті полициядағылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.