«Egemen Qazaqstan»-ның жаңа меншікті тілшісі тағайындалды

0 16

Ақын, есімі елімізге белгілі журналист Табиғат Абаилдаев республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болып тағайындалды.
Табиғат Махатұлы еңбек жолын Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінен бастаған. Облыстық «Арай» жастар газетінде шығармашылық топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 2014-2021 жылдары облыстық «Aq jol» газетіне мәдениет және спорт бөлімінің редакторы болып қызмет атқарды. 2021 жылдың желтоқсан айынан осы кезге дейін «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші болып еңбек етті. Ол «Миллениум» жыр кітабының авторы. Республикалық, халықаралық жыр мүшайраларының жеңімпаз –жүлдегері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.