Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың 33 пайыздан астамы — балалар

0 47

Еліміздің бірқатар өңіріндегі ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындардың тез толуы байқалады. Бұл туралы ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Біржанова айтты, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырған 1 176 науқасқа сараптама жүргізді. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар үлесі — 33,7 пайызды, ал ересектер үлесі — 66,3 пайызды құрайды», — деді Күләйім Біржанова орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, республика бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 5 мыңнан астам нысан бар.

«Олар — дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтары, емханалар. 12 мыңнан астам педиатриялық, терапевтік учаске, жалпы тәжірибе дәрігері бар. Онда шамамен 32 мыңнан астам дәрігер мен 13 мыңнан астам орта медициналық қызметкер жұмыс істейді», — деді ол.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.