Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

0 27

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК каналына сілтеме жасап хабарлайды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 982 жетті. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында — 2, Алматы қаласында — 12, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында — 2, Қызылорда облысында -1 адамнан табылды. Еске салсақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус табылған еді. Жалпы әлемде мамыр айының соңынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны өскен. Жеті күн ішінде COVID-19 салдарынан 8,7 мың адам қайтыс болды.

Дереккөз: Қазақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.