«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

0 45

«Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың шілде айында Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаменті 697 млн теңге сомасына монополиялық табыс алуына байланысты (ҚР ҚК-нің 221-бабы бойынша) «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.

Комиссия мәліметінше, экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын анықтау мақсатында монополияға қарсы орган мұнай-газ, фармацевтика, көлік-логистика және экономиканың басқа да секторларында талдау жасап жатыр. 140 млрд теңгеге заңсыз монополиялық кіріс алу фактілері анықталды. Олар бойынша қазір талдау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.