Қытайда түйелерге арналған бағдаршам орнатылды

0 2

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Дуньхуан қаласының маңында түйелерге арналған бағдаршам орнатылды.

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда түйелер, ал қызыл түс жанғанда туристер жолдан өтеді.

Дуньхуан – шөлде орналасқан қала және оазис. Ол Ұлы Жібек жолында Қытайға қақпа қызметін атқарған.

Өңірге келушілер арасында түйе турларына сұраныс жоғары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.