Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды

0 231

Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды. Ол 6 маусымнан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі қызметіне кірісті.

Гүлшара Әбдіқалықованың негізгі міндеттеріне:

Әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына жетекшілік ету;
Әлеуметтік еңбек қатынастарын тиімді реттеу;
Адам ресурстарын басқару департаментінің ішкі және сыртқы коммуникацияларын қалыптастыру мен нығайтуға ықпал ету;
Кадр аудитінің нәтижелерін талдау және қызметкерлерді тиімді басқару мәселелері кіреді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жаңа қызметкерінің қанша жалақы алатынына жауап беруден бас тартты, қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселесіне қатысты ақпарат құпия және көпшілікке жария етілмейтінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.