«Самұрық-Қазына» қоры шетелдегі төрт өкілдігін жабады

0 14

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры төрт елдегі өкілдігін жабады.

Қордың Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиевтің айтуынша, сөз төрт қала туралы — Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеу.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.