Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1257 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комисссияның мәліметінше, о ның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 353,
Алматы қаласында — 349,
Шымкент қаласында – 103,
Ақмола облысында – 30,
Ақтөбе облысында – 7,
Алматы облысында — 115,
Атырау облысында — 23,
Шығыс Қазақстан облысында — 15,
Жамбыл облысында — 60,
Батыс Қазақстан облысында — 13,
Қарағанды облысында — 70,
Қостанай облысында — 17,
Қызылорда облысында — 51,
Маңғыстау облысында — 16,
Павлодар облысында — 9,
Солтүстік Қазақстан облысында — 5,
Түркістан облысында 21 адам ауырған.
«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 313 551-ге жетті», — деп жазды ведомство.
Ал қауіпті инфекциядан арылып, жазылып шыққандар — 260 адам. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 65, Алматы қаласында — 156, Ақмола облысында — 10, Қарағанды облысында — 7, Қызылорда облысында 1 науқас сауығып, қатарға қосылды. Елімізде барлығы 1 294 493 адам COVID-19-дан емделіп шықты.