СОТТАЛҒАНДАРҒА МАМАНДЫҚ БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

0 70

Еңбекпен қамтылған сотталғандардың санын ұлғайту, олардың әлеуметтік оңалуын, сондай-ақ өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту үшін бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру жұмыстарын дамыту мақсатында мекемелер мен ұйымдар арасында  нақты жұмыс жоспары түзілген. Атап айтқанда, жазасын өтеушілердің  сапалы еңбекпен қамтамасыз етілуі үшін кәсіби дайындау жұмысы ҚР ҚАК-нің 123-бабына сәйкес, түзеу мекемелерінде техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби білімі (мамандығы) жоқ сотталғандарға білім беру және кәсіптік даярлау ұйымдастырылып, жүргізілуде. Бұл ретте ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесі мен №15 колледж арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас жаңа оқу жылы қарсаңында да өз жалғасын тауып отыр. Мәселен, 2021-2022 оқу жылында ҚАЖ мекемелері жанындағы № 15 колледжде  5 түрлі  мамандық бойынша 269 сотталған білім алса, биыл да бұл көрсеткіш көбеймесе, кемімейді, дейді мамандар.  ЖД-158/4 мекемесінің қызметкерлері  №15 колледж оқытушыларымен бірлесе отырып, қажетті мамандық даярлау бағытында тиісті келісім-шарт жасалды. Сотталғандар арасында тас қалаушы, дәнекерлеуші, краншы секілді мамандықтарға қабылдау жүргізілді.

Айтса кетсек, түрмедегі сотталған азаматтардың мамандық алуы үшін облыстағы түзеу мекемелерінің базасында 3 колледждің бөлімшелері құрылып, қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 450 сотталушы азаматқа жұмысшы мамандықтары оқытылуда.

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.