Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікті Болат Алтынбеков ұсталды

0 148

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық іздестіруді жүзеге асырды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.