Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

0 8

Тараз қаласындағы Төле би көшесі бойында, тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінде үй заттары мен жиһаздардың жануы орын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарлама келіп түскеннен кейін үш минуттан соң оқиға орнына 9 өрт сөндіруші мен 3 техника жетті. Жалын ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруші-құтқарушылар төменгі қабаттағы тұрғындарды далаға шығуына көмектесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.