Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63 пайызы арыз жазудан бас тартады

0 19

Ішкі істер органдарында жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құрылмақ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Жамбыл инфо,Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

«Бірінші негізгі талқылау тақырыбы отбасы-тұрмыстық қатынастар және әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі», — деді министрлік өкілі. Оның мәліметінше, жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 68 мыңнан астам хабар келіп түскен. Алайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 63 пайызы жәбірлеушісіне арыз жазудан бас тартады. Кездесу барысында тараптар бұл мәселені шешу жолдарын талқылап, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелерін қарастырды. «Жиында қаралған екінші маңызды мәселе – заманауи технологиялардың көмегімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жыл басынан бері еліміздің жолдарында 5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, 744 адам қаза тапты, 6909 адам жарақат алған. Қонақтарға Ішкі істер министрлігінің талдау орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Үшінші мәселе – жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құру. Кездесуге қатысушылар өз пікір-ұсыныстарын жеткізді», — деді ол.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.