Ұлттық құндылықтар ұлықталады

0

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім — бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі. Бүгінде Тараз қаласында 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады, 24 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді, олар бірлікті, конфессия аралық және ұлт аралық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосуда. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырудың маңызы зор.
Бүгін А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткен келелі жиында бұл туралы кеңінен қамтылды. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен өткен кездесуге «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қасымхан Төлендиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мейрамбек Төлепберген, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұқаш Ескендіров, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Эльмира Мырза-Ғали қатысты.
Жүздесуде ұлттық құндылықтарды ұлықтау турасында әңгіме өрбіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Пратияның алға қойып отырған мақсаты айқын. Оның ішінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру, отбасының рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қалада туып-өскен көрнекті тұлғалардың өнері мен мұраларын дамыту бағытында нақты жүмыстар жүргізілмек.

Сонымен қатар партия қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға, ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу арқылы қазақстандық патриотизмді нығайтуға, бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі этномәдени және діни бірлестіктердің қызметін қолдауға ықпал етеді. Сондай-ақ қаланың қасиетті және көрнекті жерлеріне тарихи-өлкетану экспедицияларын жүргізуге күш салатын болады.
Басқосу барысында туындаған сұрақтарға кандидаттар тарапынан нақты жауаптар берілді.

 

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.