Үздіктер марапатталды

0 19

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Ақпараттық-кітапханалық орталығының» ұйымдастыруымен студенттер үйінде  «Парасат жолы» жобасы аясында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың дара ұстазы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Негізгі мақсат — Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету. Студенттерге Ыбырай Алтынсарин өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, парасатты, адал, әділ, ізденімпаз болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Халықаралық Тараз инновациялық институты «Парасат жолы» жобасына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы қатысты. Іс-шарада институттың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Қамбарбекқызы институт бойынша академиялық адалдықты сақтау барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру-агенттіктің басты ұстанымы. Ал мұндай игі іске белгілі тұлғалар, зиялы қауым, дін өкілдері, өз ортасына сыйлы азаматтарды тарту арқылы қол жеткіземіз. Көпшілікке ізгілік, адалдық пен парасаттылық сияқты ұлттық құндылықтарды насихаттау өз жемсін берері сөзсіз. «Парасат жолы» жобасының кітапханалардан бастау алуы, парасаттылықтың қайнар көзі-кітапта екенін дәлелдейді.

Шара барысында  институттың «Мен және Ыбырай» тақырыбындағы онлайн байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

«Оқу марафоны» —  байқауы бойынша жеңімпаздары.

1 орын — Әбділдә Әнел

2 орын – Касымова Аружан

3 орын – Аширов Бахтияр

«Портрет» байқауы бойынша жеңімпаздары.

1 орын – Абумансұр Тұрар

2 орын – Мұрабекқызы Самал

3 орын – Темірбекова Гүлнұр

Leave A Reply

Your email address will not be published.