ЖАМБЫЛДА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

0 19
1 наурызда басталған әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жаңа шақырылушы толықтырады. Бірінші кезекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады.

 

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, полковник Хасен Қарабаев айтты. Оның мәліметінше, науқанның іс-шаралары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар COVID-19 бойынша ПТР-зерттеуден құрама бекеттерде және әскери бөлімдерге келгеннен кейін екі рет өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.