Білім алу – басты міндет

0 16

Білім алу – басты міндет

Ата заңымызға сәйкес елімізде 30 жасқа толмаған сотталушының орта білімі жоқ болса, жазасын өтеу мерзімінде оған орта білім берілуі тиіс. Осы мақсатта өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі орта мектепте 7-11 сыныптарда сотталғандар бұл олқылықтың орнын толтыруда. Мектеп бітірушілерге негізгі орта білім туралы аттестат және жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Мәселен, ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші Русалина Иванус есімді азаматша мекемедегі кешкі мектептің 7 А сыныбында оқуға мүмкіндік алған. Сынып жетекшісі Алмаш Тілеуова оның оқуға деген ынтасы жоғары екенін айтып, қазіргі таңда 11 пән бойынша дәріс жүргізіп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі күні өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі №15 кәсіптік колледжде 6 мамандық бойынша оқытады. Атап айтқанда, онда сотты болғандар токорлық іс және метал өңдеу шебері, пісіру ісі, электрмен қамтамсыз ету, кран машинист, жиһаз өндірісі сондай-ақ ғимараттармен құрылымдарды салу және пайдалану мамандықтарын игере алады.

Айнұр Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.