Жазасын өтеушілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

0 39

Сотталғандарды әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету – жүйенің бүгінгі таңдағы басты басымдықтарының бірі. Сондай-ақ жазаларды өтеу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз ету, сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды түзеу құралдарын айқындау мәселесі де негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде «Сотталғандарды ақтау орталығы» қоғамдық бірлестігі өткізген семинардың мазмұны осыған саяды. Басқосу барысында жазасын өтеушілер «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтендіру, құқықтықтарын қорғау және жүзеге асыру» тақырыбында дәріс тыңдады.

Жиын соңына семинарға қатысқан 27 сотталған азаматқа буклеттер және сертификаттар табыс етілді.

Сәдуақас Тоқсанбаев,
ЖД-158/4 мекемесінің инспектор теологы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.