Бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия беріледі

0 20

Қазақстандық фермерлер 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Бұл туралы Жамбыл инфо, «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Жұмыртқа шығаратын құс фабрикалар 1 шілдеден бастап, бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге жұмсалды», — делінген хабарламада. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құстардың саны 3,7% — 47,1 млн басқа дейін өсті. Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 млн дананы құрады. Ішкі нарықтың тағамдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.