2035 жылы сутекпен қозғалатын ұшақтар қолданысқа енеді
2035 жылы сутекпен қозғалатын ұшақтар қолданысқа енеді
Airbus компаниясы 2035 жылы сутекпен қозғалатын ұшақты қоданысқа енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы The Sun басылымы жазған. Еуропалық ұшақ өндіруші компания сутекпен қозғалатын ұшақ ойлап тапқанын және оның 2035 жылы жолаушыларды тасымалдауға кірісетінін хабарлаған. Компания ұшақтың үш түрлі дизайнын назарға ұсынған. ZEROe атты конструкциямен жасалатын ұшақ ауаны ластамайтын болады. "Бұл коммерциялық авиация секторы үшін тарихи сәт болмақ. Біз бұл саладағы ең маңызды тарихи кезеңді жүзеге асырмақпыз. Бұл концепция ұшақ арқылы жолаушылар тасымалдауда қалдықтардың нөлдік деңгейіне жетуге мүмкіндік береді", - дейді Airbus бас директоры Гийом Фори (Guillaume Faury). Аталмыш ұшақтар 3218 шақырым қашықтықта 200-ге дейін жолаушыны тасымалдай алады. Сұйық сутекпен қозғалатын ұшақтардың 2035 жылы қолданысқа енгізілуі үшін тек әуежайлардың жағармай толтыру инфрақұрылымына ауқымды инвестиция құю қажет. Ұшақтың толыққанды прототипін компания 2020 жылдың аяғында әлем назарына ұсынбақ. nur.kz