Әлемде

«6,2 млн долларға сатылған банан». Миллиардер аукционнан алған туындысын жеді

Қабырғаға жабыстырылған жеміс өнер туындысы ретінде сатылған еді

Қытайлық криптокәсіпкер Джастин Сон аукционнан алған туындысын жеді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz

Barron's басылымының жазуынша, италиялық суретші Маурицио Каттеланның "Comedian" деп аталатын концептуалды өнер туындысы рекордтық бағаға – 6,2 млн долларға сатылған.

Оны TRON криптовалюта платформасының негізін қалаушы Джастин Сан сатып алды. Сатып алғаннан кейін көп ұзамай Сан бананды "бірегей көркем тәжірибенің" бөлігі ретінде жеуге ниетті екенін жариялады.

Көп ұзамай миллиардер уәдесін орындап, жемісті қабырғадан алып, жеп қойған.

"Comedian" туындысы алғаш рет 2019 жылы Майами-Бичтегі Art Basel көрмесінде қойылған, сол кезде көрермендер арасында "бұл шынайы өнер ме, әлде жай әзіл ме?" деген пікірталас туындаған.