Әлемде

АҚШ алғаш рет әлемнің ең «күшті» паспорттары ондығынан шығып қалды

Бұл – рейтингтің 20 жылдық тарихында америкалық паспорттың алғаш рет үздік ондықтан тыс қалуы.

Henley & Partners консалтингтік компаниясы жүргізетін кезекті рейтингте АҚШ 12-орынға тұрақтап, бұл позицияны Малайзиямен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірінші орындарға Азия елдері жайғасты: Сингапур азаматтары визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен 193 елге бара алады, Оңтүстік Корея тұрғындары – 190 елге, ал Жапония азаматтары – 189 елге еркін кіре алады. Германия төртінші орында (188 ел), дәл осындай көрсеткіш Италия, Люксембург, Испания және Швейцария азаматтарында да бар.

Ал америкалықтар мен малайзиялықтар визасыз немесе жеңілдетілген режиммен 180 елге сапарлай алады.

Ресейдің көрсеткіші төмендеп, Henley & Partners рейтингінде 50-орынға түсті. Ресей азаматтарына визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен 114 елге баруға болады.