Атақты Dior компаниясы бүкіл әлемнің аруларын қазақ қызының суретімен құттықтады
Кристиан Диор негізін қалаған әлемге атақты Dior француз компаниясы 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ерекше жазба қалдырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Компанияның 46 миллионға жуық оқырманы бар әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялағанған фотосуретте қазақ қызы Алла Ильчуннің (Елшін) суреті бар.
Халықаралық әйелдер күнін осы суретпен атап өтейік деген компания бұл Dior-дың 1957 жылғы көктем-күз коллекциясындағы киімдерін киген модельдер деп жазды.
Суреттегі тоғыз модельдің арасында қызыл пальто киген модель – Кристиан Диордың музасына айналған қазақ қызы Алла Ильчун. Ол Қытайда туған қазақ Қуантхан Елшін мен орыстың опера әншісі Тамара Михайлованың қызы. 1931 жылы жапон әскері Қытайдың Маньчжурия аймағын басып алған кезде, Қуантхан Елшін әйелі мен қызы Алланы алып, Парижге қашқан. Бірақ, өзі қаза тауып, Парижге Алла мен анасы ғана аман жеткен.
Жат жұртта қиын өмір сүрген Алла мен анасының өмірі 1974 жылы өзгеріп шыға келеді: себебі Алла Кристиан Диордың кастингіне тап болып, қыпша белді сұлу қыз Диорды тәнті еткен болатын.