Әлемде

Қазақстандық десанттар әлемдегі ең үлкен шыңды бағындырды

Әскерилер Гималай тауына шыққан

ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері ефрейторлар Балжан Мұсатаева мен Маржан Сайранова «ҚазҮнді-2024» оқу-жаттығуы барысында Гималай тау бөктеріне парашют қондырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктік, айнала – тау көріністері, арқада – парашют, қару-жарақ пен жабдықтар, мақсат – жауынгерлік тапсырманы орындау. Осылайша, қазақстандық десантшылар кәсіби біліктіліктері мен жауынгерлік дайындықтарын көрсетіп отыр. 

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің парашютшілер тобы «ҚазҮнді-2024» оқу-жаттығуында тапсырмаларды әскери контингент құрамында орындады. Олардың ішінде екі қыз – парашютші-нұсқаушы ефрейтор Балжан Мұсатаева мен 61993 әскери бөлімі материалдық-техникалық қамтамасыз ету взводының санитарлық нұсқаушысы ефрейтор Маржан Сайранова да бар.