Әлемде

Бүгіннен бастап жанармай акцизі көтеріледі

The final spritzer

Бүгіннен бастап Үндістан билігі жанармайға салынатын акцизді өсіруге шешім қабылдады

Бұл қадамға әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт құлдырауы себеп болды. Енді дизель отыны үшін де акциздік алымдар көбейеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биліктің айтуынша, бұл өзгеріс қарапайым халық үшін жанармай бағасына әсер етпеуі тиіс. Яғни, жанармай құю бекеттеріндегі баға өзгермейді деген уәде бар.

Мұндай шешім Үндістанда бұрыннан бар тәжірибе — мұнай арзандаған сайын, үкімет акцизді көтеріп, бюджет шығындарын жабуға тырысады.

Айтпақшы, мұнай бағасының бұл жолғы құлдырауына АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың салықты өсіру туралы шешімі әсер еткен көрінеді. Бір апта ішінде мұнай баррелі 10 долларға арзандап кеткен.

Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі — 64,30 доллар, ал WTI — 60,70 доллар шамасында. Бұл — соңғы төрт жылда тіркелген ең төменгі көрсеткіштердің бірі.