Әлемде

Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады

Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады

Қырғызстан астанасы Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады.

Осыған дейін Бішкек орталығында наразылық шаралары өткені туралы бірнеше рет хабарланған болатын. Он күн бойы халық қаланың орталығына жиналып, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен парламент спикері Қанат Исаевтың отставкаға кетуін талап етті.

Сондай-ақ, Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Садыр Жапаровты қолдауға арналған шаралар да өтті.

Наразылық шаралары мен митингілердің аяқталуы Жээнбеков пен Исаевтың отставкаға кетуімен тұспа-тұс келді. Мемлекет басшысының өкілеттігі Жапаровқа берілді.

  РИА Новости