Әлемде

Брюссельде «әуеде қалқыған» мейрамхана ашылды

Брюссельде «әуеде қалқыған» мейрамхана ашылды

Брюссельде «әуеде қалқып тұратын» мейрамхана ашылды.  Мұнда ресторан қонақтары жайғасқан үстелді кран 50 метр биіктікке дейін көтереді. Көлденеңінен алғанда үстелдердің арасындағы арақашықтық - үш метрден, ал дастарқан басында отырған адамдар арасындағы қашықтық - бір метрден. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қонақтарды креслоға жақсылап белбеумен бекітіп қойған. Даяшылар да сақтандыру белбеуімен жұмыс істейді. inform.kz