Әлемде

ДДСҰ маймыл шешегіне қарсы арнайы алғашқы екпені пайдалануға алдын ала рұқсат берді

Бұл туралы «Америка дауысы» сайты хабарлады

MVA-BN екпесін даниялық Bavarian Nordic фармацевтика компаниясы дайындаған. «Анкара» деп аталатын екпе басында шешекке қарсы жасалып, Канада мен Еуропа одағында тіркелген еді. Шешекке қарсы екпелер бұрын да маймыл шешегіне қарсы салынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралу қаупіне байланысты әлемдік төтенше жағдай жариялаған. Мамандар маймыл шешегінің Африкада өршіп, басқа құрлықтарға да тарау қаупі бар деген еді. 

MVA-BN екпесін 18 жастан асқан адамдарға екі дозадан (арасы бір ай интервал) салады. ДДСҰ аймақтарда екпе жетпей жатса бір дозадан салуға шақырады.