Голливуд жұлдызы өмірден озды
Кэри-Хироюки Тагава – Голливудтың ең талантты, әрі дара тұлғаларының бірі еді.
Атақты кино жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава 75 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Америкалық БАҚ мәліметінше, өлімнің себебі — инсульттен кейінгі асқынулар.
Тагава «Mortal Kombat», «Соңғы император», «Өлтіруге лицензия» және «Биік қамалдағы адам» сияқты фильмдердегі рөлдерімен кеңінен танылған.
Кэри-Хироюки Тагава Қазақстанға бірнеше рет келіп, түрлі кинофестивальдердің құрметті қонағы болған.
Сондай-ақ ол 2015 жылы түсірілген қазақстандық «Бүкіл әлем аяғымыздың астында» фильмінде де ойнаған еді.