Әлемде

Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді

Грузияда бір тәулікте үш мәрте жер сілкінді

Грузияның батысында магнитудасы 3.5 балл жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 4 қараша күні, Тбилиси уақытымен сағат 23:57-де тіркелген. Зілзала аудан орталығы Ониден (Рача-Лечхуми және Квемо Сванети аймағы) оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі – 12 шақырым. Қираған ғимараттар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Соңғы тәулікте Грузияның батысында үш жер сілкінісі болды. Сағат 18:04-те және 18:05-те аудан орталығы Онидің маңында және Сахчере қаласына (Имеретия аймағы) жақын жерде магнитудасы 3.5 және 3.6 жерасты дүмпуі тіркелген. inform.kz