Хорватияда жойқын жер сілкінісі болды
Хорватияда жойқын жер сілкінісі болды
Хорватияда жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тапқан.
Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 6,3. Эпицентр ел астанасы Загребтен оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан.
Публикация от bauhaus band photography (@bauhausband)Зардап шеккендердің көбі ғимараттардың шамамен 90 пайызы қираған Глина қаласының маңынан табылды. Петрина мен Сисак қаласы да айтарлықтай зардап шеккен. Ондаған адам ауруханаға жатқызылды, көбі хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Кей балалар үйінді астында қалған.
Публикация от Iranpress News Agency (@iranpressnewsagency)Жер сілкінісін көрші елдегі адамдар да сезген. Еуроодақ билігі Хорватия халқына көмек көрсетуге уәде берді. Жақында елге Еуроодақтың арнайы өкілі келеді.
Көптеген тұрғын палаткада түнеуге мәжбүр болды.