«Жаңа індет тарады». ДДСҰ дабыл қағып отыр
Ұйым жағдайдың күрделі екенін мәлімдеді.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы Африкадағы маймыл шешегінің көбеюіне байланысты дабыл қағып, әлемдік денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төнгенін айттыі деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ДДСҰ мәлімдеуінше,індетті ауыздықтау қиынға соқса, әлемде кезекті пандемияны жариялап, халықаралық қауымдастықтан қатаң шараларды енгізуді талап етпек. Оның ішінде әуе рейсі арқылы байланысты уақытша тоқтату, дәрі-дәрмек қорын арттыру, туристік бағыттарды қысқарту және басқа шаралар болуы мүмкін.
Гебрейесус ДДСҰ қазіргі таңда mpox (маймыл шешектің бірі түрі) дертінің тарауын тоқтату үшін 1,5 млн доллар бөлгенін айтты. Алдағы күндері тағы да қосымша қаражаттар бөлінетін болады. Жалпы індетті жылдам тоқтату үшін кемі 15 млн доллар қажет. ДДСҰ тиісті қаржыны жинау үшін донорларға жүгінбек.
Конгода маймыл шешектің жаңа типі жақында анықталды. Артынша жаңа штамм Бурунди, Кения, Руанда мен Угандадан табылды. Африкадағы індеттерді бақылау және анықтау орталығы (Africa CDC) аймақта төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болуда.