Әлемде

Индонезия джунглиінде көзі көк тайпа тұратыны анықталды

Индонезия джунглиінде көзі көк тайпа тұратыны анықталды

Индонезияның Бутон аралында көгілдір және көк көз тайпа тұратыны анықталды, - деп хабарлайды Medialeaks. Дереккөз мәліметінше, ерекші келбетті адамдарды индонезиялық геолог Корчина Пасарибу тапқан екен.

Геолог 2019 жылдан бері Индонезияның ауылдық жерлеріндегі өмірге қызығушылық танытқан. Сосын ол тайпалар мен мәдени мұраларға ерекше назар аудара бастады. Ер адам осы жылдың 17 қыркүйегінде Бутон аралына барып, ондағы жергілікті тұрғындарды суретке түсірген.

Оның айтуынша, Бутон аралының тұрғындары суретке түсуден бас тартпаған, керісінше қуана қарсы алған. Мамандардың сөзіне қарағанда, көздің мұндай түсі сирек кездесетін генетикалық ауру салдарынан пайда болды. Оны Ваарденбург синдромы деп атайды екен. Мұндай ауруға шалдыққан адамның бет терісінің түсі, шашы, көзі өзгеріп, есту қабілетінен айырылатыны айтылады. tengrinews