Әлемде

Испанияда табиғи апаттан қаза тапқандар саны 205 адамға жетті

Валенсияның кейбір аудандарына құтқарушылар әлі де жете алмай жатыр

Испанияда ең жойқын табиғи апат саналатын су тасқыны болып, қаза тапқандар саны күн сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ВВС мәліметінше, қаза тапқандар саны 205 адамға жетті. Апат салдарынан Валенсияның кейбір аудандарына құтқарушылар әлі де жете алмай жатыр.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аудандарда құтқару қызметтері уақытша мәйіттерді сақтайтын жер ретінде конференц-залдарды да пайдаланылып жатыр.

Испанияда су тасқындарын тудырған қатты жауын-шашын 29 қазан күні басталған болатын.