Әлемде

Конгодағы шахта апаты: 200-ден аса адам көз жұмды

Оқиға алдында өңірде қатты жаңбыр жауған.

Конго Демократиялық Республикасында шахта опырылып, 200-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Синьхуа агенттігі ел билігі жасаған мәлімдемеге сілтеме жасап хабарлады.

Конгоның тау-кен министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, апат Солтүстік Киву провинциясындағы Рубая ауданында орналасқан шахтада болған. Оқиға алдында өңірде қатты жаңбыр жауған.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандардың саны 200-ден асады. Олардың ішінде шамамен 70-ке жуық кәмелетке толмағандар бар екені айтылды.

Сондай-ақ министрлік Рубаядағы шахталардың қазіргі уақытта «23 наурыз қозғалысы» (М23) деп аталатын көтерілісшілер тобының бақылауында екенін мәлімдеді. Бұл жағдай апат орнында құтқару жұмыстарын жүргізуді күрделендіріп отыр.