Әлемде

Мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін бе?

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы әлемдік мұнай бағасына тікелей әсер етті.

Сарапшылардың бағалауынша, қара алтын құны шамамен 10 пайызға өсіп, бір баррель үшін 80 доллар шамасына жеткен. Егер аймақтағы әскери ахуал одан әрі күрделене түссе, баға 100 долларға дейін көтерілуі ықтимал деген болжам бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Reuters.com-ға сілтеме жасап. 

Бағаның шарықтауына Иран маңындағы әскери іс-қимылдар мен мұнай тасымалына төнген қауіп себеп болып отыр. Әсіресе дүниежүзілік мұнайдың шамамен бестен бірі өтетін Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімнің бұзылу қаупі нарыққа айтарлықтай ықпал етуде. Бұл бағыт жабылатын болса, әлемдік жеткізілім көлемі тәулігіне миллиондаған баррельге қысқаруы мүмкін.

Осы жағдайға байланысты бірқатар мемлекеттер стратегиялық қорларын қайта қарап, баламалы бағыттарды іздестіруде. Ал OPEC+ елдері өндірісті ішінара арттыру жөнінде келісімге келгенімен, сарапшылар бұл қадам бағаны толық тұрақтандыруға жеткіліксіз болуы ықтимал екенін айтады.