Әлемде

Нұржас Садырбаев Voice Beyond Horizon байқауының жеңімпазы атанды

Димаш Құдайберген байқау жеңімпазы Нұржас Садырбаевты құттықтап, жұртты оған қолдау білдіруге шақырды.

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев әлемдік деңгейдегі Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл байқау Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба ретінде көптің назарын аударған еді.

Жеңімпазды арнайы құттықтаған Димаш Құдайберген оның өнеріне жоғары баға беріп, тыңдармандарды жас талантқа қолдау көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, Voice Beyond Horizon жобасы Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындалған. Бағдарлама алғаш рет биыл ақпанда көрерменге ұсынылса, оның түсірілім жұмыстары өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын.