Әлемде

Әр елден табылып жатқан монолиттердің жұмбағы. Мамандардың болжамы қандай?

Әр елден табылып жатқан монолиттердің жұмбағы. Мамандардың болжамы қандай?

Соңғы кездері бірнеше елден табылып жатқан үшбұрыш металл монолит біраз адамның назарын аудартып, ойландырып қойды. Ол құрылымдар қайдан және қалай шыққаны туралы түрлі пікір айтылады. Алғаш монолит АҚШ-тың Юта штатында табылған болатын. Монолиттің биіктігі шамамен 3-3,5 метр. Металл құрылымды суретшілер қалдырып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтылды. Артынша бес күннен кейін Ютада табылған жұмбақ монолит өздігінен жоғалып кетті. Монолиттен үшбұрышты металл ғана қалған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оны әлдекімдер демонтаж жасап, алып кеткен. Кейіннен Ютадағы монолитті кімдер қиратып, алып кеткені белгілі болды. Жергілікті экскурсия жетекшісі Сильван Кристенсен және экстремал спорт түрі бойынша кәсіби маман Энди Льюис металл құрылымды демонтаж жасап, алып кеткенін мойындап, желіге видео салды. Олар мұндай әрекетке шөлді аймаққа туристер ағылып келе бастағандықтан барған.

Металл құрылымның бұзылуына қатысты сот отырысы бола ма, әлде жоқ па әзірге белгісіз. Себебі Ютадағы монолиттің қайдан пайда болғаны әлі белгісіз. Одан бөлек, металл монолит РумынияҰлыбритания мен Нидерландта табылған. Ұлыбританиялық The Guardian басылымы монолиттің пайда болғаны туралы бірнеше болжам келтірген.

Басылым мәліметінше, монолит өнер әлемімен байланысты болуы мүмкін. Басты "күдікті" - 1934-2011 жылдар аралығында өмір сүрген суретші Джон Маккракен. Ол АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Нью-Мексико штатында тұрған.

26 қарашада Румыниядан да металл монолит табылған болатын. Юта штатындағы монолитке қарағанда Румыниядағы құрылым үшбұрыш және сыртында оюлар бар. Reuters жаңалықтар және қаржы ақпараттар халықаралық агенттік румыниялық монолитте ешқандай тылсым дүниенің жоғын айтады.

The Indian Express

 басылымы да монолиттердің пайда болуының бірнеше нұсқасын келтірген:

  1. Монолиттердің шығу тегі - бөгдеғаламшарлықтар ісі. Бұл ең танымал теория. Монолиттер бөгдеғаламшарлық нәсілдер қалдырып кеткен артефакт.
  2. Әзіл ретінде жасалған. Тағы бір кеңінен тараған теория - бұл біреудің ермегі. Мұндай жағдай бұған дейін де болған. Ұлыбританиядағы Уилтшир жазығында 1970 жылдары дөңгелектер пайда болған. Ғалымдар аяқ астынан табылған геометриялық өрнектерді зерттей бастаса, қастандық теориясын қолдаушылар олардың не білдіретінін ойланып, бас қатыра бастаған. Бұл дөңгелектер бірнеше фильм мен телешоуда танымал болған. Алайда 1991 жылы  Дэвид Чорли және Дуг Бауэр есімді екі ұлыбританиялық арқан мен ағаш тақтаны пайдаланып жасағанын, ол тек әзіл ретінде жасалғанын айтып, мойындаған.
tengrinews.kz