Әлемде

"Роскосмос" басшысы ғарыш кемесіне иелік ететін қазақстандықты іздеп жатыр

"Роскосмос" басшысы ғарыш кемесіне иелік ететін қазақстандықты іздеп жатыр

"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырдағы "Боран" кемесінің иесін таппақ болды. Ол кеменің Қазақстандағы белгісіз жеке тұлғаға тиесілі екені анықталды. Бұл туралы Рогозин Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

РИА Новости мәліметінше, "Роскосмос" басшысы ұшуға 95-97 пайыз дайын болған және қазір монтаждау-жанармай құю кешенінде сақтаулы тұрған кеменің екінші жазғы данасы туралы айтып отыр. Бұл ғарыш кемесі 1991 жылы "Мир" станциясына ұшырылуы тиіс болған екен.

tengrinews.kz