Әлемде

Салмағы 300 келі тартатын ер адамды арнайы топ үйінен шығарып, ауруханаға жеткізді

Акбадалды көшіру үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы арнайы жедел жәрдем көлігі мен мамандар тобын ұйымдастырған.

Салмағы шамамен 300 келі тартатын, «піл ауруына» шалдыққан азаматты арнайы топ үйінен шығарып, ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

GZT медия порталының дерегінше, аталған кеселдің салдарынан 48 жастағы Энгин Акбадалдың салмағы шамамен 300 келіге дейін жеткен. Арнайы топ оны үйінен шығарып, ем қабылдау үшін ауруханаға апарды.

Акбадалды көшіру үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы арнайы жедел жәрдем көлігі мен мамандар тобын ұйымдастырған. Ол Кайсеридің Сарыоайслан ауданында тұрады.

Оны сыртқа алып шығу үшін тұрған үйінің кіреберіс және бөлме есіктері жуырда кеңейтілген.

Арнайы киімдегі қызметкерлер мен туыстары бірігіп, Акбадалды шамамен 30 метр жердегі жедел жәрдем көлігіне жеткізді.

Ол Анкара қаласындағы Этлик қалалық ауруханасына жіберілді. Туыстары дұға жасап, шығарып салды.

Бұған дейін не болған еді?

Акбадалдың арманы көп

Бұған дейін бірнеше рет ауруханаға қаралғанымен, нақты ем таба алмағанын айтқан Акбадал медицина дамуына үміт артады. Ол Кайсери өңірінен сайланған депутат Баки Эрсойдың қолдауымен сауығып кететініне сенеді.

Алдағы ем-домның оңай болмайтынын түсінетінін айтқан ол: