Әлемде

Сауд Арабиясында хирург операция үстінде қайтыс болды

Сауд Арабиясында хирург операция үстінде қайтыс болды

Ортопед-хирург Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды. БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ бұған қарамастан ол жоспарланған операцияны өткізуді талап еткен. Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.

Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр. tengrinews