Тәліптер Гератта паранжа кимеген әйелдердің қозғалысына шектеу қойды
Ауғанстанның Герат қаласында әйелдерге қатысты жаңа талаптар қойылды.
Енді паранжа кимеген азаматшаларға ауруханаға кіруге немесе таксиге отыруға рұқсат етілмейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар қаладағы барлық әйел мұғалімдерге паранжа кию міндеттелді. Бұл талап тек білім беру мекемелеріне ғана емес, мемлекеттік ұйымдар мен банктерге де таралған. Соңғы күндері киім ережесін сақтамаған әйелдерді орталық түрме мен басқа да мекемелерге кіргізбей жатқан жағдайлар тіркелген.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, қала көшелерінде бақылау бекеттері орнатылған. Паранжасыз әйелдерді тасымалдаған такси жүргізушілері де жауапқа тартылып жатыр.