Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Түркі әлемі дүр сілкінейін деп отыр
Мәселен, Inosmi порталы Тurkiye газетіне басылып шыққан сарапшылар пікірін алға тартады. Олар жақын күндері Тұран әскерін құру мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, Түркия басшылығымен құрылуы күтіліп отырған бұл армияның барлық аймақтық және жаһандық мәселелерде үлкен рөл атқара алатынына назар аударды. – Бұл мәселе түркі әлемінде және әсіресе Түркияда мезгіл-мезгіл күн тәртібіне шығарылып отырады. Қарабақ соғысына байланысты Түркия мен Әзірбайжан арасындағы әскери ынтымақтастықтың нәтижелері бұл мәселеге басқаша өлшеммен қарауға уақыт келгенін білдіреді, – дейді профессор, доктор Күршад Зорлу. 2013 жылы Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы және Моңғолияның әскери құқық қорғау органдарының қауымдастығын құрайын дегені жұртты дүр еткізген. Баз біреулерді бұл оқиға қорқытып та жіберді. – Тұран әскерін құру – бұл өте маңызды мақсат және қазіргі уақытта көптің күтуіндегі, белгілі бір идеалды көрініс болып табылады. Бұл – ұзақ мерзімді перспективада осы үміттің күшейе түсетінінің көрсеткіші. Қазіргі уақытта Түркі кеңесі аясында жалпы әскери әлеуетті нығайтуға назар аудару керек және техникалық ынтымақтастық саласындағы нақты қадамдарға көшу керек, – дейді ол. Ол сондай-ақ қажетті ақыл-ой құрылымы қалыптаспай, халықаралық тепе-теңдік қолайлы деңгейге жетпей, алдын ала мұндай жобалар жайлы көп айта берілетін болса, бұл процесс тумай жатып өлуі де мүмкін екенін баса айтты. Түркия ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың пікірінше, Қарабақ үшін күрес лайықты деңгейге жеткенде, бұл түркі әлеміне үлкен мотивация береді. zhasalash