Әлемде

Түркияда тағы да жер сілкінді

Бұл жолы жерасты дүмпуі Токат провинциясында орналасқан

Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген.

Қазір жер сілкінісі кезіндегі видеолар пайда болып жатыр. Елдің төтенше жағдайлар қызметі әзірге қатты қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.